Общество
Р. Қошқарбаев даңғылының бір бөлігі 15–20 қыркүйекте жөндеу жұмысы үшін жабылады
Астанада 15–20 қыркүйек аралығында Р. Қошқарбаев даңғылының Ш. Құдайбердіұлы даңғылы мен Абылай хан даңғылы аралығындағы бөлігі салмақ өлшейтін датчиктер орнатуға арналған асфальтбетон жабындысын төсеу жұмысына байланысты жабылады.
Осы кезеңде көлік қозғалысы жолдың бір жағы бойынша екі бағытта ұйымдастырылады. Жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, балама маршруттарды қолдану ұсынылады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында тиісті жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Жаяу жүргіншілер де бағдарларын алдын ала жоспарлап, белгіленген өткелдерді пайдалансын.
Дереккөз: gov.kz



