Культура

Арман Қырықбаев Әуезов театрының қайта жаңғырту жұмыстарының барысын көрді

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Алматыға сапары барысында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына барды. Министр театр ғимаратындағы қайта жаңғырту жұмыстарының қазіргі жағдайымен танысты.

Сапар кезінде Арман Қырықбаевқа құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы мен театрды техникалық жарақтандыру туралы ақпарат берілді. Ол жұмыс сапасы, құрылыс талаптарының орындалуы және қайта жаңғыртуды белгіленген мерзімде аяқтау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Биыл театрдың құрылғанына 100 жыл толады. Жаңғырту барысында ғимараттың тарихи-сәулеттік ерекшелігін сақтау, әртістер мен көрермендерге қолайлы жағдай жасау мақсат етілген. Сондай-ақ, сахна өнеріне қойылатын заманауи талаптар мен қауіпсіздік мәселелері де ескерілуде.

Жобаның жүзеге асуын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі бақылап отыр.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button