Политика

СІМ мен ЕҚДБ: Қазақстанда климаттық жобалар мен QaJET платформасын стратегиялық нығайту

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) делегациясымен кездесті. Делегацияны Климаттық стратегия және іске асыру департаментінің директоры, Тұрақты инфрақұрылым бағытының жетекшісі Фелисити Спорс басқарды.

Жұмыс кездесуі барысында тараптар ҚР мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашақ мүмкіндіктерін, сондай-ақ тұрақты даму, «жасыл» қаржыландыру, энергетикалық көшу, көлік пен коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру және жеке секторды қолдау бағытындағы бірлескен бастамаларды қарастырды.

Особое назар QaJET — Қазақстанның әділетті энергетикалық көшу жөніндегі ұлттық инвестициялық платформасына аударылды. Бұл бастама 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан ұсынылған және ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен ЕҚДБ қолдауымен жүзеге асырылуда. Платформаны одан әрі дамыту, соның ішінде COP31 Конференциясы аясында ү.ж. қарашада Анталия қаласында ресми іске қосу және халықаралық климаттық әрі инвестициялық қаржыландыруды тарту мәселелері талқыланды.

Ержан Ашықбаев Қазақстанның ЕҚДБ-мен стратегиялық әріптестігін жоғары бағалап, Банктің ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформаларды ілгерілетуге және ұлттық климаттық күн тәртібін қолдауға қосқан үлесін атап өтті.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары ҚР СІМ-і QaJET платформасын халықаралық деңгейде ілгерілету мақсатында халықаралық қаржы институттарымен, серіктес мемлекеттермен, климаттық қорлармен және басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды дамытуға жан-жақты дипломатиялық қолдау көрсетуге дайын екендігін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық әріптестікті әрі қарай нығайтуға және Қазақстанның климаттық мақсаттарына қол жеткізу мен тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруда тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға ортақ мүдделілік танытты.

Другие новости

Back to top button