Общество

ТЖМ-де Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында кеңес өткізді. Іс-шарада министр ведомствоның жеке құрамына Жолдаудың негізгі бағыттарын таныстырып өтті.

Кеңесте цифрландыру, технологиялық даму, инфрақұрылымды жаңғырту және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды. Азаматтық қорғау жүйесіне қатысты маңызды міндеттер сөз болды.

Атап айтқанда, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою тетіктерін жетілдіру, құтқару инфрақұрылымын дамыту, заманауи технологияларды енгізу және бөлімшелердің табиғи әрі техногендік қауіп-қатерлерге дайындық деңгейін күшейту мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысында Мемлекет басшысы көрсеткен басым бағыттарды азаматтық қорғау органдарының жұмысына енгізу мен қауіпсіздік жүйесін дамыту, халықтың қорғалу деңгейін арттыру қажеттігі атап өтілді.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button