Общество

Қазақстанда 302-ші «Ауыл құтқарушылары» өртке қарсы бекеті ашылды

Елді мекендерде өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Қаратал ауылында жаңа ерікті өртке қарсы құралым іске қосылды. Бұл – республика аумағында ашылған 302-ші өрт сөндіру бекеті.

Салтанатты ашылу рәсіміне Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин, Ойыл ауданының әкімі Сәкен Займолдин және өрт сөндіру гарнизонының жеке құрамы қатысты.

Жаңа өрт сөндіру бекеті екі елді мекенде тұратын 1 522 адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдар қызметкерлер үшін қажетті жағдай жасап, демалатын бөлмелермен жабдықтады. Төтенше жағдайлар министрлігі бекетті барлық қажетті өрт сөндіру техникаларымен қамтыды.

Жаңа нысан оқиға орнына жету уақытын қысқартып, өрт пен басқа да төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button