Политика

Қазақстан мен Сауд Арабиясы саяси ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Сауд Арабиясына жұмыс сапары барысында Корольдіктің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Уалид Әл-Хурейджимен кездесті.

Келіссөздер кезінде Арман Исағалиев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудқа жолдауын табыстады. Бұл жолдауда корольдік басшылығы мен халқына ізгі тілек білдіріліп, ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтық инфрақұрылымды қорғау бағытындағы күш-жігерге қолдау көрсетілді.

Сауд Арабиясы Қазақстан тарапының ниетін жоғары бағалап, ризашылығын білдірді. Кездесуде өңірдегі жағдай мен екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі мәселелері қаралды. Тараптар болашақта Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін тұрақты саяси диалог пен күш-жігерді үйлестірудің маңызды екенін атап өтті.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button