Қазақстанда 41 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды: жоспар 103,6%-ға орындалды
Қазақстанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 41 млн тоннадан астам жемшөп дайындады. Облыстар әкімдіктерінің деректеріне сәйкес, бұл алдағы қысқы қора-жай кезеңіне жоспарланған көлемнің 103,6%-ын құрайды.
Жемшөптің әр түрі бойынша қандай көрсеткішке қол жетті
Дайындалған жемшөп көлемі түрлеріне қарай мынадай:
- шөп — 26,7 млн тонна (жоспардың 104,1%-ы);
- пішендеме — 2,4 млн тонна (102,5%);
- сүрлем — 2,8 млн тонна (99,4%);
- сабан — 4,8 млн тонна (102%);
- құнарландырылған жem — 4,6 млн тонна (80,6%).
Негізгі түрлер бойынша жоспардан артық орындалуы қосымша қор жинауға мүмкіндік береді. Бұл мал шаруашылығы кәсіпорындарына қысқы қолайсыз ауа райына төтеп беруге көмектеседі.
Одан бөлек, шаруашылықтарда өткен қыстан қалған жемшөп қоры да бар.
Астықтың жемдік қоры резервке әзірленді
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қосымша жемшөп ресурсымен қамту үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» акционерлік қоғамы алдағы қысқа астықтың жемдік қорын әзірледі.
Қажет болса, бұл қор резервтік ресурс ретінде пайдаланылады.
Жемшөп науқанының қорытынды кезеңін кім бақылайды
Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, жемшөп дайындау науқанының қорытынды кезеңіне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Барлық шара жемшөптің қажетті қорын уақтылы жинауға, мал шаруашылығы кәсіпорындарын жеткілікті азық базасымен қамтамасыз етуге және қысқы қора-жай кезеңінің тұрақты өтуіне бағытталған.
Дереккөз: gov.kz



