Экономика
ТМҰ қорғаныс ведомстволары басшыларының екінші кездесуіне Рахымжан Исақұлов қатысты
2026 жылғы 1 қазанда Баку қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің қорғаныс ведомстволары басшыларының екінші кездесуі өтті. Қазақстан атынан іс-шараға Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұлов қатысты.
Кездесуде ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланды. Тараптар өзара іс-қимылдың болашақ бағыттарын пікірлесті.
Талқыланған мәселелердің қатарында өндірістік кооперация, бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ тәжірибе мен технологиялар алмасу бар.
Дереккөз: gov.kz


