Общество

СҚО полицейлері мектептерде қауіпсіздік бойынша ашық сабақтар өткізуде

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мектептер мен колледждерде қауіпсіздік тақырыбында ашық сабақтар ұйымдастырып келеді. Жыл басынан бері облыста кәмелетке толмағандар 34 қылмыс жасаған. Оның ішінде 9 оқиға мүлік ұрлығына, 7 дерек ұрып-соғу мен денсаулыққа зиян келтіруге қатысты тіркелген.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар

Облыстың бір ауданында сегізінші сынып оқушысы жеке үйдің кіреберісінен зат ұрлаған. Қажетті тергеу шаралары жүргізілген соң, жасөспірім арнайы білім беру ұйымына жіберілді. Жалпы, жыл басынан бері осындай оқу орындарына 13 жасөспірім орналастырылған. Бұл – басқа тәрбиелік және алдын алу шаралары нәтиже бермеген жағдайда қолданылатын ең қатаң шаралардың бірі.

Қауіпсіздік бойынша сабақтар және түсіндіру жұмыстары

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полицейлер барлық мектептер мен колледждерде жүйелі түрде ашық сабақтар өткізуде. Сабақтарда оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, бастауыш сыныптарға спорттық ойындар мен шығармашылық байқаулар ұйымдастырылады. Орта буын оқушыларына жанжал мен буллингтің айырмашылығы түсіндірілсе, жоғары сынып пен колледж студенттерімен қарым-қатынаста туындайтын күрделі мәселелер талқыланады. Атап айтқанда, сталкинг, шамадан тыс бақылау, қудалау белгілері мен олардың алдын алу жолдары жайлы ақпарат беріледі.

Зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылық

Сабақ барысында оқушыларға зорлық-зомбылыққа тап болғанда немесе куә болғанда не істеу қажеттігі түсіндіріледі. Полицейлердің айтуынша, мұндай жағдайда бастысы – үнсіз қалмай, дереу көмек сұрау керек. Уақытылы мамандарға хабарлау арқылы ауыр зардаптардың алдын алуға болады.

Бұл кездесулер жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттырып, құқықтық мәдениет қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, полицейлер профилактикалық есепте тұрған отбасылармен жұмыс жүргізіп, рейдтік іс-шаралар ұйымдастырады.

Әкімшілік жауапкершілік және тәрбие мәселелері

Жыл басынан бері бала тәрбиесі бойынша міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін 2682 ата-ана мен басқа заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Полицейлер өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі мен тәрбиесі «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асырудағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button