Общество

«Таза ауа» рейдтері: Қазақстанда 1068 көлік тексеріліп, 63 көлік иесіне айыппұл салынды

2026 жыл бойы елдің аймақтарында «Таза ауа» рейдтері өтті. Іс-шараның мақсаты — автокөліктерден шығатын ластаушы заттардың мөлшерін бақылау.

Рейдтерді аймақтық экология департаменттері полиция департаменттерімен бірлесіп жүргізді. Мамандар арнайы өлшеу құралдарының көмегімен көліктердің пайдаланылған газындағы ластаушы заттардың құрамын және оның белгіленген стандарттарға сәйкестігін тексерді.

Рейд қорытындысы бойынша мынадай нәтиже тіркелді:

  • 1068 көлік тексерілді;
  • 86 көліктің шығарындысы белгіленген стандарттардан асып кетті;
  • 63 көлік иесіне айыппұл салынды.

«Таза ауа» рейдтері шығарындысы жоғары көліктерді анықтауға, экологиялық бұзушылықтардың алдын алуға және автокөліктердің ауа сапасына тигізетін зиянын азайтуға бағытталған. Бұзушылық анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Таза ауа — ортақ жауапкершілік.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button