Атырауда қаржы вице-министрі Ержан Біржанов салық заңнамасының басымдықтарын түсіндірді
Атырауда қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жергілікті тұрғындар және бизнес өкілдерімен кездесті. Шараға 150-ге жуық адам қатысып, тағы 400 азамат онлайн қосылды. Кездесу барысында салық кодексінің қолданыстағы тұстары, салық және кедендік басқару, ақпараттық жүйелердің қызметі мен мемлекеттік кірістер органдарының халықпен байланысы қарастырылды.
Вице-министр Ержан Біржанов тұрғындар мен кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Барлық өтініштерге тиісті түсініктеме берілді, қосымша зерттеуді қажет ететін мәселелер назарға алынды. Кәсіпкерлікті дамыту мен салық саласындағы цифрлы жаңашылдықтар жайында ақпарат ұсынылды. 2026 жылдың басынан бері Атырау облысындағы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 34 638-ге көбейіп, жалпы саны 107 161-ге жетті. Биыл 9 айда кірістер органдары 311,9 мың мемлекеттік қызмет көрсетсе, оның 99,8%-ы электронды түрде жүзеге асқан.
Кездесуде республикалық бюджетке түсетін салық түсімдері де сөз болды. 2023 жылдың қаңтар–қазан айларында салық түсімдері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,9%-ға артып, 14 057,4 миллиард теңгені құрады. Іс-шара соңында БАҚ өкілдеріне брифинг өткізілді.
Дереккөз: gov.kz

