Главные новости
Астананың ірі сауда орталықтары Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай безендірілді
Астанадағы көшелер мен ғимараттар ғана емес, әйгілі MEGA Silk Way және «Сарыарқа» сауда орталықтары да Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік сәнмен безендірілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Аталған сауда орталықтарындағы LED-экрандарда Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған бейнероликтер көрсетілуде. Мерекеге арналған безендірулер қала көшелеріне ерекше атмосфера сыйлап, тұрғындар мен қонақтарға айтулы мерекенің жақындағанын сезінуге мүмкіндік береді.
Астана қаласы Тәуелсіздіктің 35 жылдығын қарсы алуға дайындық жүргізіп, мерекелік кейіпке енуде. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда аталып өтеді.
Дереккөз: gov.kz



