Политика

Эстонияның Қазақстандағы Елшісі Марье Лууп сенім грамотасының көшірмесін тапсырды

Астана, 2026 жылғы 17 қыркүйек — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Эстонияның Қазақстандағы жаңа елшісі Марье Лууптан сенім грамотасының көшірмесін қабылдады. Кездесу барысында екі жақ арасындағы екіжақты қатынастар мәселелері талқыланды.

Арман Исетов Елшіні тағайындалуымен құттықтап, достық қарым-қатынастарды әрі қарай нығайту қажеттігін атап өтті. Дипломаттар 2025 жылғы қарашада Эстония Республикасының Президенті Алар Каристың Астанаға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге басымдық беретіндерін айтты.

Елші Марье Лууп жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, Астана мен Таллин арасындағы әріптестікті нығайтуға күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button