Басты жаңалықтар

Елордада Tarlan Astana құрылысына байланысты екі көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Астанада 7 қазаннан бастап Tarlan Astana жобасының екінші кезегін салуға байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабарлады.

Шектеу енгізілетін жол учаскелері:

  • Сығанақ көшесінің Төле би көшесінен Айтматов көшесіне дейінгі бөлігі;
  • Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі бөлігі.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол белгілерінің талаптарын сақтау ұсынылады. Жол жағдайын ескеріп, бағытты алдын ала жоспарлаған жөн.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button