Басты жаңалықтар
Елордада Tarlan Astana құрылысына байланысты екі көшеде көлік қозғалысы шектеледі
Астанада 7 қазаннан бастап Tarlan Astana жобасының екінші кезегін салуға байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабарлады.
Шектеу енгізілетін жол учаскелері:
- Сығанақ көшесінің Төле би көшесінен Айтматов көшесіне дейінгі бөлігі;
- Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі бөлігі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол белгілерінің талаптарын сақтау ұсынылады. Жол жағдайын ескеріп, бағытты алдын ала жоспарлаған жөн.
Дереккөз: gov.kz



