ТЖМ жолдағы төтенше жағдайларда қауіпсіздік шараларына назар аударуды ескертті
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға ауа райының нашарлауына, қар құрсауына немесе жол-көлік оқиғаларына байланысты жолда сақ болуды ескертеді. Мұндай жағдайлар адам өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіруі мүмкін.
Төтенше оқиға болған кезде дереу 112 бірыңғай нөміріне хабарласу қажет. Қоңырау шалғанда келесі мәліметтерді айту маңызды:
- нақты орналасқан жеріңізді немесе жолдың шақырымын;
- оқиғаның сипатын;
- көмек қажет ететін адамдардың санын;
- зардап шеккендердің бар-жоғын;
- байланыс телефонын.
Егер көлік қар құрсауында қалып қойса немесе ауа райы қолайсыз болса, көліктен шықпаған жөн. Орналасқан жер туралы ақпаратты 112 нөміріне хабарлап, көмек келгенше көлікте күту ұсынылады.
Жолға шығар алдында неге назар аудару керек
Жолға шықпас бұрын ауа райы болжамы мен тас жолдағы жағдай жөніндегі ескертулерді міндетті түрде тексеріңіз. Қауіпсіздік шараларын сақтау және уақтылы көмек сұрау адам өмірін аман сақтауға көмектеседі.
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дереу хабарласыңыз.
Дереккөз: gov.kz



