Қоғам

Қазақстан мен Франция Эспо конвенциясын іске асыруды талқылады

24 қараша күні Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары Франция Елшілігінің өкілдерімен кездесті. Жиында атом электр станцияларының жұмыс мерзімін ұзарту кезінде Эспо конвенциясын қолдану жөніндегі Францияның ұстанымы сөз болды.

Тараптар өзара пікір алмасып, 2026 жылдың желтоқсанында Женевада өтетін Эспо конвенциясына қатысушы елдердің 10-шы кеңесіне дайындық барысын және болашақтағы ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button