Алматыда симфониялық оркестр әлемдік классика концертін өткізді
Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармония залында Төлепберген Әбдірашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің концерті өтті.
Оркестрге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көркемдік жетекші әрі бас дирижер Қанат Омаров жетекшілік етті. Бағдарламада ХХ ғасырдың әйгілі композиторлары Сергей Прокофьев, Морис Равель және Игорь Стравинскийдің туындылары орындалды.
Кештің арнайы қонағы – Германиядан келген пианист, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмір Тебенихин болды. Ол оркестрдің сүйемелдеуімен Сергей Прокофьевтің фортепианоға және оркестрге арналған №3 концертімен өнер көрсетті.
Концертте әлемдік музыка классикасының үздік шығармалары шырқалып, көрермендер ерекше ықылас білдірді. Іс-шара симфониялық өнерді насихаттап, тыңдарманға жаһандық музыка жауһарларымен жақын танысуға мүмкіндік берді.
Дереккөз: gov.kz



