Қоғам

Қазақстан делегациясы Мәскеудегі ҰҚШҰ бірлескен отырысына қатысты

Мәскеу қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті.

Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева басқарды. Делегация құрамында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майор Айдос Мырзахметов те болды.

Жиында қандай мәселелер талқыланды

Кездесу барысында қатысушылар әскери-саяси жағдайды, жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ ҰҚШҰ қызметінің негізгі бағыттарын қарады. Сонымен қатар, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің алдағы сессиясында бекітілуі тиіс құжаттардың жобалары талқыланды.

Ұйымға төрағалық ету және жұмыс кездесулері

2027 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалық ету құқығы Тәжікстан Республикасына берілетіні белгілі болды. Отырыс аясында ұйымға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері арасында жұмыс кездесулері өтті.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button