Мәдениет

«Нити Добра» волонтерлері шала туған сәбилерге 22 мыңнан астам жиынтық дайындады

Қазақстанда шала туған сәбилерді қолдау мақсатында құрылған «Нити Добра» еріктілер жобасы тоғыз жыл ішінде сегіз облыстағы 130-дан астам белсенді қатысушысы бар ірі қауымдастыққа айналды. Бұл бастама 2017 жылдың маусымында Алматыда Гүлниса Құлымжанованың жетекшілігімен іске қосылған.

Шала туған сәбилерге арналған тоқыма бұйымдар

Жобаның басты мақсаты – мерзімінен бұрын туған нәрестелерге күтім жасайтын медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету. Волонтерлер жүннен түрлі бұйымдар тоқиды. 2017 жылдан бері 22 мыңнан астам тоқыма жиынтық, 12 мыңнан астам мақта жіптен сегізаяқ ойыншық, 300 ұяша және 125 кувез жапқышы дайындалған.

Денсаулық сақтау мекемелерімен ынтымақтастық

Бүгінде «Нити Добра» еліміздегі жаңа туған нәрестелерге арналған 30 жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесіне қолдау көрсетеді. Барлық дайындалған бұйымдар арнайы тексерістен өткізіліп, медициналық мекемелерге тапсырылмас бұрын өңделеді.

Аға буын өкілдерінің үлесі және халықаралық танылу

Жобаның ерекшелігі – аға буын өкілдерін волонтерлікке тартуында. Қатысушылардың 80 пайызы – аға буын азаматтар. Олар өздерінің белсенділігімен азаматтық жауапкершілік пен өзара көмектің маңызын көрсетіп келеді.

«Нити Добра» халықаралық деңгейде де мойындалған. 2025 жылы жоба #МыВместе сыйлығын иеленсе, 2026 жылы Ташкентте өткен «Миссия Добра» халықаралық бастамасында шеберлік сабағын өткізіп, тәжірибе бөлісті.

Жобаның ұраны – «Микро-тоқыма. Макро-қамқорлық».

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button