Спорт
Қызылордада «Бірлік пен келісім» қайырымдылық спартакиадасы ұйымдастырылды
Қызылорда қаласында «Бірлік пен келісім» атты қайырымдылық спартакиадасы өтті. Бұл шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау мен қайырымдылықты қолдау, сондай-ақ спорт арқылы қоғамдағы бірлікті арттыру болды.
Спартакиадаға қатысушылар түрлі спорт түрлері бойынша сынға түсті. Олар белсенділік пен ұйымшылдық танытып, командалық рухын көрсетті. Жарыс кезінде қатысушылардың жеңіске деген ынтасы айқын байқалды.
Шара барысында спорттың қоғамдық келісімді нығайтып, ынтымақтастық пен өзара сыйластықты дамытудың тиімді жолы екені дәлелденді. Спартакиаданы «Қоғамдық келісім» КММ-нің «Жомарт жан» орталығы ұйымдастырды.
Дереккөз: gov.kz


