Басты жаңалықтар

Астанада FEI Әлем кубогы Еуразиялық лигасының финалы өтеді

18-22 қараша күндері елордада FEI Jumping World Cup™️ Eurasian League Final CSI-W Astana 2026 халықаралық турнирі өтеді. Жарыс «Арғымақ» ат спорты кешенінің жабық манежінде ұйымдастырылады.

Турнирге FEI Әлем кубогы Еуразиялық лигасының рейтингінде жоғары орын алған спортшылар қатысады. Жалпы 40 үздік шабандоз жарысқа жолдама алады. Сонымен қатар, Еуразиялық ат спорты қауымдастығы шетелдік спортшыларға қосымша шақырту жіберуі мүмкін. Қабылдаушы ел ретінде Қазақстаннан 10-ға жуық шабандоз бақ сынайды. Жалпы қатысушылар саны 60 адамға дейін жетеді.

Турнирге шақырту алған елдер

Турнирге қатысу үшін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Иран, Әзербайжан, Армения, Грузия, Молдова, Ресей және Түрікменстан ұлттық федерацияларына шақырту жіберілді.

Турнирдің маңызы

Еуразиялық лиганың финалын Астанада өткізу – Қазақстандағы ат спортының дамуына оң әсер етеді. Бұл жарыс жергілікті шабандоздарға халықаралық деңгейде тәжірибе жинап, шетелдік спортшылармен сайысуға мүмкіндік береді.

Халықаралық турнир ат спортының кеңінен танылуына және Астананың ірі спорттық іс-шараларды қабылдайтын қала ретінде мәртебесінің артуына ықпал етеді.

Көрермендер үшін ақпарат

Жарысты тамашалауға келем деушілерге кіру тегін. «Арғымақ» ат спорты кешеніне №18, 37, 303 және 323 қалалық автобустар қатынайды.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button