Астанада хостелдерде өрт қауіпсіздігіне байланысты рейдтер жүргізілуде
Астанада уақытша тұру орындарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт сөндірушілер мен құқық қорғау органдары бірлесіп тұрақты рейдтер өткізіп келеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Тексеру кезінде мамандар өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын, өрт дабылы мен хабарлау жүйелерінің жұмысын, эвакуациялық шығу жолдарының ашықтығын, өрт сөндіргіштердің бар-жоғын және электр жабдықтарының қауіпсіз пайдаланылуын мұқият қарайды.
Рейдтерге аудан әкімдіктері, Төтенше жағдайлар департаменті және полиция қызметкерлері қатысады. Олар хостел иелері мен қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, өрт болған жағдайда қандай әрекет жасау керектігін айтады. Ережелер сақталмаған жағдайда заңға сәйкес шаралар қолданылып, анықталған кемшіліктердің жойылуы бақылауда болады. Негізгі мақсат – тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Дереккөз: gov.kz


