Спорт

Алматыда Байтұрсын Өмірбековтің 80 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші Байтұрсын Өмірбековтің 80 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Жиында суретшінің туыстары, жақындары, әріптестері және шәкірттері бас қосты.

Жиын барысында қатысушылар Байтұрсын Өмірбековтің шығармашылық жолы мен бейнелеу өнеріне қосқан үлесі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар ұстаздық қызметі де айтылды.

Іс-шара аясында «Өмір өрнектері» атты көрме ашылды. Байтұрсын Өмірбековтің туындылары халықаралық деңгейде танылып, ол Ресей көркемсурет академиясының құрметті шетелдік мүшесі атанған. Бұл шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button