Қоғам
Зарядтағыш құрылғылардан өрт шығу қаупі: қандай белгілерге назар аудару керек
Зарядтағыш құрылғыларды ұзақ уақыт қараусыз қалдыру өрт шығу қаупін арттырады. Құрылғыны төсекке, диванға немесе көрпенің астына қойып қуаттау да аса қауіпті. Мұндай жағдайда құрылғы қызып, қысқа тұйықталуға және өртке себеп болуы мүмкін.
Өрт қаупінің белгілері
- Құрылғы әдеттегіден қатты қызады;
- Жағымсыз иіс немесе түтін шығады;
- Сықырлаған дыбыс естіледі, корпус деформацияланады;
- Зарядтағыш немесе розеткадан ұшқын байқалады, күйген иіс шығады;
- Күйе іздері көрінеді.
Осындай белгілер байқалса, құрылғыны бірден тоқтан ажыратып, пайдалануды доғару керек.
Қауіпсіздік ережелері
- Құрылғыларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Түнде немесе ұйықтап жатқанда зарядтамаңыз;
- Жұмсақ жиһаздың үстіне немесе жастықтың астына қоймаңыз;
- Пайдаланғаннан кейін зарядтағышты тоқтан ажыратыңыз;
- Розеткалар мен сымдардың жарамдылығын тексеріңіз;
- Электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсірмеңіз.
Төтенше жағдай кезіндегі әрекет
Құрылғы тұтанып кетсе, оған жақындамаңыз және өз өміріңізді қауіпке тікпеңіз. Қауіпсіз жерге шығып, 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз. Өртті өзіңіз тек бастапқы сатысында және қауіпсіз жағдайда ғана сөндіруге әрекет жасаңыз.



