Қоғам
Астана қаласының құрметті педагогы: байқаудың жеңімпаз ұстаздары жарияланды
«Астана қаласының құрметті педагогы» атағына лайықты мамандар анықталды. Қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлауынша, комиссия байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарды белгіледі.
Атақты иеленген ұстаздар тізімі:
- 1. Бөлебаева Алима Қанатқыызы — Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;
- 2. Жарасбаева Дариға Асқарқызы — Астана қаласы әкімдігінің «Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, көркем еңбек пәнінің мұғалімі;
- 3. Оспанова Гүлмира Нұрғазықызы — Астана қаласы әкімдігінің «№93 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, химия пәнінің мұғалімі;
- 4. Нүкебаева Бақытхан Сейтханқызы — Астана қаласы әкімдігінің «Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
- 5. Асқарбекова Балымкүл Дайрашқызы — Астана қаласы әкімдігінің «Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, математика пәнінің мұғалімі.
Жалпы, атақ бес мұғалімге берілді. Мәліметтің негізгі көзі — қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Дереккөз: gov.kz



