Қоғам

Экология министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Республика күні мен еліміздің Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Бұл шараға министрлік қызметкерлері, ведомстволық ұйымдардың өкілдері және республиканың барлық аймақтарынан шақырылған сала ардагерлері қатысты.

Салтанатты жиын барысында мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды. Марапатталғандар қатарында «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, Премьер-Министрдің алғыс хаты, сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет ардагері», «Еңбек ардагері», «Экология саласының үздігі» секілді ведомстволық марапат иегерлері бар.

Марапаттар қоршаған ортаны қорғау және табиғи байлықты сақтау ісіне сүбелі үлес қосқан мамандардың еңбегін бағалау және құрмет белгісі ретінде тапсырылды. Салтанатты шара мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button