Спорт

«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Беларусьтің Минск және Несвиж қалаларында «Музейлік бастамалар ТМД кеңістігінде» атты II халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шарада музей ісін дамыту, тарихи-мәдени мұраны қорғау және халықаралық ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды.

Конференцияға Қазақстан тарапынан ҚР Ұлттық музейі, «Әзірет Сұлтан» және «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорықтарының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Беларусь Республикасының «Несвиж» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Меморандумға сәйкес, тараптар бірлескен көрмелер ұйымдастырып, ғылыми және мәдени-ағартушылық жобаларды жүзеге асырады, музей қорларын зерттеу және мамандардың тәжірибе алмасуын қамтамасыз етеді. Бұл әріптестік екі елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға ықпал етеді.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button