
Бірнеше күнге созылатын жарыс бағдарламасына көкпар, жамбы ату, аламан бәйге, аударыспақ, теңге ілу, құнан бәйге, топ бәйге және жорға жарыс енгізілген. Дүбірлі додада Шығыс Қазақстан облысы мен еліміздің өзге өңірлерінен келген спортшылар бақ сынап, ұлттық спорттағы шеберліктерін, ептілігі мен төзімділіктерін паш етеді.
Жарыстың ең тартымды сәттерінің бірі – бас жүлденің сарапқа салынуы. Жеңімпазға автокөлік табысталмақ.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұлттық спорт ойындарының фестиваль аясында өткізілуі қазақтың дәстүрлі спорт түрлерін дамытуға, түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын дәріптеуге және жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі жыл сайын мыңдаған қонақты жинап, ұлттық спортты, мәдениетті және қазақ халқының бай дәстүрін насихаттайтын маңызды халықаралық алаңға айналып келеді.



