Білім
Астанада «Келешек мектептері» арасында тоғызқұмалақтан қалалық турнир өтті
Астанада Республика күніне байланысты «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Келешек мектептері» оқушылары арасында тоғызқұмалақтан қалалық турнир өткізілді. Зияткерлік сайыс №106 мектепте өтті.
Турнирдің мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, оқушылардың логикалық ойлауын дамыту және мектептер арасындағы байланысты күшейту болды. Сайысқа қатысушылар ұлттық ойыннан өз шеберліктерін көрсетті.
Жарыс жеңімпаздары анықталды
Ұлдар арасында:
- I орын – Қуаныш Аян (№101 мектеп)
- II орын – Бұхар Бексұлтан (№114 мектеп)
- III орын – Сайпулла Бүркіт (№115 мектеп)
Қыздар арасында:
- I орын – Тәңірбергенова Айнел (№100 мектеп)
- II орын – Сұлтанқызы Дилназ (№110 мектеп)
- III орын – Жетпис Ляззат (№112 мектеп)
Турнир ұйымдастырушылары
Жарысты Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және Астана қаласының Тоғызқұмалақ федерациясы бірлесіп өткізді.
Дереккөз: gov.kz



