Қоғам

«Заңсыз келуші» іс-шарасы Астанада: 60-тан астам шетел азаматы жауапқа тартылды

Астанада 5-9 қазан аралығында көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын бұзған 60-тан астам шетел азаматы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар көші-қон заңнамасын өрескел бұзған екі шетел азаматына қатысты сот Қазақстан аумағынан мәжбүрлеп шығару туралы шешім шығарды. Іс-шара барысында заңсыз көші-қонға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталуда. Шетел азаматтарына елде болу тәртібі де түсіндіріліп жатыр.

Полиция азаматтар мен жұмыс берушілерді көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тарту, олардың Қазақстанда болу мерзімін бұзуы немесе тиісті құжатсыз еңбек етуі заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеледі.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button