Мәдениет

«Анаға тағзым» III республикалық форумы Қызылордада өтті: тәрбие және цифрлық дәуір

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым» III республикалық форумы өтті. Басқосудың тақырыбы — «Ана бренді: цифрлық дәуірдегі тәрбие коды». Форумда цифрлық заманда бала тәрбиелеудің өзекті мәселелері қаралды.

Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми және шығармашылық қауымдастықтың өкілдері қатысты. Сондай-ақ отбасы және демографиялық саясат саласының сарапшылары жиналды. Пленарлық отырыста ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров Қазақстандағы отбасы саясатының негізгі бағыттарын таныстырды.

Спикерлер ұлттық болмысты сақтау, дәстүр сабақтастығы, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, тұлға мен қоғамды қалыптастырудағы ананың рөлі туралы айтты. Әйелдердің ғылымды дамытуға және елдің зияткерлік әлеуетін арттыруға қосқан үлесі де ерекше аталды. Қатысушылар отбасының бала тәрбиесіндегі орнын, қоғамдағы құндылықтарды қалыптастыруды, ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелерін талқылады. Пленарлық отырыс соңында отбасы тәрбиесіне қатысты өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасу өтті.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button