Қоғам

Қазақстанда 335-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы бекеті ашылды

Павлодар облысы Успен ауданына қарасты Конырозек ауылында «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының ғимараты жаңартылып, пайдалануға берілді. Бұл — республика бойынша 335-ші ерікті өртке қарсы құрылым.

Жаңа өрт сөндіру бекеті Конырозек, Дмитриевка, Вознесенка және Надаровка ауылдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл елді мекендерде 1 мыңнан астам адам тұрады және 45 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді.

Өрт сөндіру бекетінің жаңғыртылуы

Жаңғырту барысында бұрынғы ғимарат толық жөнделіп, әкімшілік-тұрмыстық бөлмелер, демалыс және асханалық аймақ, санитарлық бөлмелер жасақталды. Өрт сөндіру бекетінде бір өрт сөндіру көлігін орналастыруға мүмкіндік бар.

Төтенше жағдайлар министрлігі бұл бөлімшеге өрт сөндіру автоцистернасын берді. Автокөлік барлық қажетті өрт-техникалық жабдықтармен, байланыс құралдарымен және жауынгерлік киімдермен толық жарақтандырылған. Құралымда екі қызметкер жұмыс істейді.

Жаңа бекеттің маңызы

Өрт сөндіру бекетінің ашылуы ауылдардағы өрт қауіпсіздігін арттыруға, оқиға орнына жету уақытын қысқартуға және төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарға шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button