Мәдениет

Қазақстан ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің 43-отырысына қатысты

Өзбекстанның Әндіжан қаласында Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) Тұрақты кеңесінің 43-отырысы өтті. Бұл алқалы жиынға ұйымға мүше мемлекеттердің өкілдері, соның ішінде Қазақстан тарапынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров қатысты.

Кеңес барысында Қайрат Қамбаров ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың құттықтауын жеткізіп, “Әндіжан – түркі әлемінің мәдени астанасы” жылының сәтті қорытындылануымен Өзбекстанды құттықтады. Сондай-ақ, ол ТҮРКСОЙ аясында түркі елдері арасындағы мәдени ынтымақтастықты арттыру қажеттігін атап өтті.

Қазақстанның мәдени жобаларына назар аударылды

Отырыста Қазақстанның 2026 жылы іске асыратын мәдени бағдарламаларына ерекше тоқталды. Атап айтқанда, Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы мен Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Ата толғауы» концерті, сондай-ақ Анкарада Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына орай өткізілген шаралар сөз болды.

ТҮРКСОЙ-дың жаңа бастамалары мен жоспарлары

Жиын қорытындысында декларация қабылданып, ұйымның есептері мен алдын ала бюджеті, сондай-ақ 2027 жылға арналған жұмыс бағдарламасы бекітілді. Алдағы уақытта композитор Ғазиза Жұбанова, ғалым Болат Сарыбаев және суретші Қанапия Телжановтың 100 жылдығына арналған шаралар өткізу ұсынылды.

Сонымен қатар, Қырғызстанның Талас қаласы 2028 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болып белгіленсе, 2027 жыл – Шолпан жылы, 2028 жыл – Шыңғыс Айтматов жылы деп жарияланды. ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің келесі 44-отырысы 2027 жылдың төртінші тоқсанында Түркияда өтеді.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button