Саясат

Германияның елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

Астана, 2026 жылғы 13 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ренате Пайчтың сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен әлеуетін талқылады. Сондай-ақ алдағы жоғары деңгейдегі сапарлар кестесі мен Астана мен Берлин арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған бірлескен іс-қимылды үйлестіру мәселелері қаралды.

Дипломаттар көпжақты форматтарда, оның ішінде «Орталық Азия – Германия» форматында және басқа да халықаралық алаңдарда ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендерін білдірді. Германия Елшісі жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін салуға әзір екенін растады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button