Қоғам

Comic Con Astana 2026: аңыз ойындардан бастап ортағасырлық рыцарьларға дейін

Астанада Comic Con Astana 2026 фестивалі өтіп жатыр. Алғашқы күні оған комикс, кино, аниме, видеоойын және косплей жанкүйерлері, сонымен бірге қала тұрғындары мен қонақтар қосылып, 16 мыңнан астам адам келген, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Comic Con Astana 2026 — ретро-гейминг және классикалық ойындар

Фестивальдегі ең көп қызықтыратын алаңдардың бірі — ретро-гейминг аймағы. Онда келушілер балалық шағын еске түсіріп, түрлі классикалық консольдер мен ойындармен таныса алады.

  • Dendy, Sega Mega Drive, PlayStation One, Nintendo Entertainment System (NES) және басқа да приставкалар.
  • Super Mario Bros., Contra, Mortal Kombat, Sonic the Hedgehog, Battle City («Танчиктер») және өткен жылдардың танымал хиттері.

Comic Con Astana 2026 — заманауи ойындар мен TikTok сынақтары

Заманауи ойын-сауық алаңында келушілер танымал сериалдар мен телешоулардан алынған кореялық ойындар мен TikTok арқылы тараған түрлі сынақтарға қатыса алады. Әсерлі, жылдам және ептілікті талап ететін ойын түрлеріне қатысу үшін ұзын-сонар кезек байқалады.

Comic Con Astana 2026 — ортағасырлық реконструкция және семсерлесу

Тарих пен ортағасырлық мәдениетке қызығатындар үшін интерактивті алаң ұйымдастырылған. Қонақтар тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен семсерлесудің негіздерін үйреніп, ортағасырлық қарумен қауіпсіз жаттығу үлгілерінде жекпе-жекке шыға алады.

Comic Con Astana 2026 ностальгиядан бастап қазіргі заманғы интерактивті форматтарға дейінгі ойын-сауықты біріктіріп, қалалық ауқымды шараға айналды. Фестиваль 9 тамызға дейін жалғасады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button