Басты жаңалықтар

Валерий Меладзе Астананың заманауи әрі таза екенін атап өтті

Ресейлік әнші және музыкалық продюсер Валерий Меладзе Астанада өткен концерті барысында Қазақстан астанасы туралы әсерімен бөлісті. Ол елорданың әлемдегі ең әдемі әрі таза қалалардың бірі екенін айтты.

Көрермендерге арнаған сөзінде Меладзе астаналықтардың жылы қабылдауына алғыс білдірді. Әнші Астанаға қайта келіп, өнер көрсету мүмкіндігіне ерекше қуанышты екенін жеткізді. Оның айтуынша, қала сәулетімен, тазалығымен және өзіндік ерекше атмосферасымен ерекшеленеді.

«Бұл қала – заманауи, таза, көрікті, жанға жайлы. Менің ойымша, әлемдегі ең таза қала», – деді Валерий Меладзе. Ол бұған дейінгі сапарларын да еске алып, осы жылдар ішінде қаланың айтарлықтай жаңарып, дамығанын атап өтті.

Концерт соңында өнер иесі Астананың одан әрі дамуына тілектестік білдіріп, соңғы жарты жылда алғаш рет осыншалықты ұзақ сөз сөйлегенін әзілмен айтты.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button