Басты жаңалықтарЭкономика
Trending

Күмістің бағасы наурыз айынан бері айтарлықтай өсті

2026 жылдың шілде айында жеткізілетін күміс фьючерстерінің бағасы Comex биржасында (Нью-Йорк тауар биржасының бөлімшесі) бір трой унциясы үшін 90 доллардан асты, деп жазады Zakon.kz.

Oxu.Az мәліметінше, мұндай көрсеткіш соңғы рет 2026 жылғы 10 наурызда тіркелген болатын.

Қазақстан уақытымен сағат 21:15-тегі дерек бойынша, күмістің бағасы 5,18 пайызға өсіп, бір трой унциясы 90,25 долларға жеткен. Ал 21:20-да өсім сәл баяулап, бағасы 89,78 долларды (+4,89%) құрады.

Сонымен қатар, 2026 жылдың маусым айында жеткізілетін алтын фьючерстерінің бағасы да өсті. Comex биржасындағы сауда барысында алтынның бір трой унциясы 0,46 пайызға қымбаттап, 4708,4 долларға жетті.

Жалпы, бірнеше ай бойы үздіксіз қымбаттаған алтын бағасы Қазақстанда соңғы уақытта керісінше төмендей бастады. Мәселен, наурыз айының басында бір грамм алтынның құны шамамен 84 мың теңгеге дейін жетсе, қазір 70,5 мың теңгеге дейін арзандаған. Сарапшылардың айтуынша, бұл – бағалы металдар нарығы үшін айтарлықтай өзгеріс.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button