ӘлемТуризм
Trending

Ыстанбұлда халықаралық дизайнерлердің басын қосатын жаһандық форум өтеді

Түркияның інжу-маржаны, 41 конгресс орталығы мен 225 өнер галереясын бауырына басқан Ыстанбұл — нағыз мәдениет пен өнердің тоғысқан мекені. 27 университеттегі дизайн бағдарламалары мен жыл сайын өтетін 20-дан астам халықаралық іс-шаралар қаланың шығармашылық экожүйесін қалыптастырып отыр. 

2026 жылдың 13–16 мамыр аралығында тұңғыш рет Ыстанбұлда өтетін Global Design Forum (Жаһандық дизайн форумы) Ыстанбұлдың бірегей мәдени ландшафтында әлемдік дизайнерлер қауымдастығының бас қосу нүктесіне айналу рөлін нығайта түспек.

Ыстнабұл Босфор

Лондон дизайн фестивалі аясында 15 жылдан астам уақыт бойы Виктория мен Альберт мұражайында ұйымдастырылып келген форум — дизайн әлеміндегі ой-пікір көшбасшыларының алдыңғы қатарлы платформасы. Түркияның туризмді насихаттау және дамыту агенттігінің (TGA) қолдауымен Ыстанбұлда өтетін аталған шара елдің шығармашылық индустриясының әлеуетін әлемге паш етіп, қаланы дизайн сахнасындағы динамикалық орталық ретінде танытуды көздейді.

Халықаралық деңгейде танымал түрік суретшісі, дизайнер және сәулетші Мелек Зейнеп Бұлыттың жетекшілігімен өтетін форум Ыстанбұл көшелерін заманауи өнер сахнасына айналдырады. Жоба аясында Топқапы сарайы мен тарихи аудандарда халықаралық дизайнерлердің бірегей инсталляциялары орнатылып, қала ашық аспан астындағы зертхана кейпіне енеді.

Топқапы сарайы
Топқапы сарайы

Бағдарламаның маңызды бөлігі — «Жаңа көзқарас» байқауы қаланың бақша мәдениетін жаңғыртса, «Ыстанбұлдықтар» жобасы жергілікті шығармашыл жастардың басын қосады. Форумның негізгі талқылауларында әлемдік сарапшылар жаһандық дағдарыстар заманындағы дизайнның рөлін зерделейді.

Айя София мешіті
Айя София мешіті

Ыстанбұл ғасырлар бойы өзі қонақ еткен өркениеттер мен мәдениеттер арқылы өнер иелеріне шабыт беріп келеді. Қала тарих, шеберлік пен заманауи дизайн тоғысқан тартымды мекен. Өзінің зәулім тарихи архитектурасымен танымал қала бүгінде талантты дизайнерлер мен мәдениет институттарының жаңа буынына үй болып отыр. Мұндағы шығармашылық өмір Ыстанбұл биенналесі, Contemporary İstanbul, Ыстанбұл музыка фестивалі және Ыстанбұл кинофестивалі сияқты халықаралық шаралармен байи түсуде.

Ыстанбұл музыка фестивалі
Contemporary İstanbul

Қаланың шығармашылық келбеті асықпай тануды қажет етеді. Ыстанбұлдың ырғағын қалыптастыратын сәулет ескерткіштерінен бастап, дәстүр мен инновация тоғысқан заманауи аудандарға дейін зерттейтін дүние өте көп.

Биыл жоспарланған көптеген іс-шаралар Ыстанбұлдың динамикалық өнер сахнасын одан ары жандандырып, саяхатшыларға теңдессіз мәдени тәжірибе ұсынбақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button