Басты жаңалықтарҚоғам
Trending

Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденовке «Халық қаһарманы» атағы берілді

2026 жылдың 6 мамырында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының ардагері Кенжебай Мәденовті қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік наградамен марапаттады.

Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі таратты.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденұлы Мәденовке (марқұм) «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды, – деп жазылған құжатта.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button