Общество
Кітап оқитын ұлт: Қазақстанда оқу марафонына қатысушылар саны 1 000 000 адамға жетті
«Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафонының ресми сайтында миллионыншы қатысушы тіркелді. Осылайша Қазақстанның барлық өңірінен 1 000 000 адам кітапты, білімді және дамуды таңдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Марафонға әр түрлі жастағы және мамандықтағы адамдар қосылды:
- мектеп оқушылары мен студенттер;
- мұғалімдер мен ата‑аналар;
- кітапханашылар және мемлекеттік қызметшілер;
- әр түрлі мамандық иелері мен тұтас отбасылар.
Бұл көрсеткіш тек тіркеулер саны емес: ол марафонды маңызды оқиға деп қабылдап, кітап оқуға алғаш қадам жасаған миллион адамның таңдауын көрсетеді.
Дереккөз: gov.kz



