Общество

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері 19 қыркүйектен 1 қарашага дейін өтеді

Астанада 19 қыркүйектен бастап өңірлік тауар өндірушілер қатысатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері сенбі мен жексенбі күндері 1 қарашаға дейін ұйымдастырылады. Алғашқы жәрмеңке 19–20 қыркүйекте Қызылорда және Атырау облыстарының өндірушілерімен өтеді.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі: Қалаға әкелінетін өнімдер мен көлемі

Эт, балық, сүт және басқа азық-түлік түрлері тұрғындарға тікелей ұсынылады. Бұл шара отандық өндірушілерге қолдау көрсетіп, азық-түлік қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

  • Жалпы көлемі: 600 тоннадан астам өнім;
  • бақша өнімдері: 260 тонна;
  • күріш: 220 тонна;
  • балық: 65 тонна;
  • ет және ет өнімдері: 40 тонна;
  • басқа азық-түліктер: 20 тоннадан астам.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі: өтетін орын, уақыт және көлік қатынасы

Жәрмеңке «Қазанат» ипподромының автотұрағында (Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайы) ұйымдастырылады. Іс-шара күндері жұмыс уақыты — 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жәрмеңке күні №18, №37 және №303 автобус бағыттары жүріп тұрады, бұл қатынауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button