Қоғам

Кітап оқитын ұлт: Қазақстанда оқу марафонына қатысушылар саны 1 000 000 адамға жетті

«Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафонының ресми сайтында миллионыншы қатысушы тіркелді. Осылайша Қазақстанның барлық өңірінен 1 000 000 адам кітапты, білімді және дамуды таңдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Марафонға әр түрлі жастағы және мамандықтағы адамдар қосылды:

  • мектеп оқушылары мен студенттер;
  • мұғалімдер мен ата‑аналар;
  • кітапханашылар және мемлекеттік қызметшілер;
  • әр түрлі мамандық иелері мен тұтас отбасылар.

Бұл көрсеткіш тек тіркеулер саны емес: ол марафонды маңызды оқиға деп қабылдап, кітап оқуға алғаш қадам жасаған миллион адамның таңдауын көрсетеді.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button