Политика

Пусанда ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясы жұмысты бастады

19 шілдеде Корея Республикасының Пусан қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясы өз жұмысын бастады. Сессия 29 шілдеге дейін жалғасады және халықаралық делегаттарды жинақтайды.

Пусанда өтіп жатқан Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясының ашылуы

Осы сессияның ресми ашылу рәсіміне Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мён және ЮНЕСКО-ның Бас директоры Халед Әл Анани қатысты. Шараға ЮНЕСКО-ның Конвенциясына қатысатын 196 мемлекеттен шамамен 3 000 делегат, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен сарапшылық қауымдастық өкілдері жиналды.

Сессияның күн тәртібі: жаңа ұсыныстар мен есептер — Дүниежүзілік мұра мәселелері

Комитет отырысында бірнеше маңызды мәселе қаралады. Негізгі бағыттар қатарында:

  • Дүниежүзілік мұра тізіміне 30 жаңа ұсынысты қарастыру;
  • мұра объектілерінің сақталу жай-күйіне қатысты 147 есепті талқылау;
  • мүшелер мен делегациялардың тәжірибе алмасуы.

Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшесі ретінде сессия жұмысына белсенді қатысуда. Отырыстар барысында Қазақстан ұсынған «Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен байланысты киелі нысандар» номинациясын қарау жоспарланған.

Айта кетейік, Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстаудағы бірегей жерасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу жөніндегі жұмыстарды бастау туралы тапсырма берген болатын.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button