Общество

Отырар ауданында жаңа «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекеті ашылды

Түркістан облысы Отырар ауданына қарасты Көксарай ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы бойынша жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл — ел бойынша ашылған 318-ші ерікті өртке қарсы құралым. Бекет аудан орталығы Шәуілдірден 30 шақырым жерде орналасқан және оның қызмет аймағында 5 067 адам тұратын төрт ауыл бар.

Жаңа өрт сөндіру бекетінде тәулік бойы жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Ғимаратта өрт сөндіру көлігі тұратын гараж, байланыс пункті, демалыс және ас үй бөлмелері, қосымша әрі санитарлық-тұрмыстық бөлмелер бар. Төтенше жағдайлар министрлігі бекетке өрт сөндіру автокөлігін жеткізді және қажетті өрт-техникалық жабдықтармен қамтыды. Жеке құрам Төтенше жағдайлар департаментінде алғашқы дайындықтан өтті.

Ерікті өрт сөндірушілер тәулік бойы кезекшілік атқарады. Олар кәсіби бөлімшелер келгенге дейін өртті сөндіруге және тұрғындарға жедел көмек көрсетуге дайын. Жаңа бекеттің ашылуы аймақтағы өрт қауіпсіздігін күшейтіп, шұғыл жағдайларда халыққа көмек көрсету жылдамдығын арттырады.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button