Главные новости

Астанадағы концертке өңірлерден келген қонақтар қалаға таңданысын білдірді

Астанада өткен Валерий Меладзенің концертіне Қазақстанның әр өңірінен жанкүйерлер жиналды. Концерт басталмай тұрып, басқа қалалардан арнайы келген көрермендер елорда жайлы әсерімен бөлісті.

Қонақтар Астананың жыл сайын жаңа кейіпке еніп, көркейіп жатқанын ерекше атап өтті. Олар елорданың заманауи бейнесі мен сүйікті әртістерінің концертін тамашалауға мүмкіндік барын жоғары бағалады.

Өңір қонақтарының әсері

Атыраудан келген Ақмарал Такишева Астанаға екінші жыл қатарынан концертке келгенін айтты. «Биыл да келіп, такси жүргізушісіне жыл сайын басқа қалаға келгендей әсер алатынымды жеткіздім. Қала өте әдемі, заманауи. Маған ұнайды», – деді ол.

Кей көрермен үшін Астанаға сүйікті әншісінің концертіне келу дәстүрге айналған. Өскеменнен келген Замзагүл Әкениева бұған дейін де Валерий Меладзенің концертінде болғанын, өнерін ерекше бағалайтынын айтты. Ол осы сапарында елорданың жаңарып, ерекше құлпырғанын байқағанын жеткізді.

Әлемдік жұлдыздардың концертіне қызығушылық

Замзагүл Әкениева сондай-ақ бұған дейін Дженнифер Лопестің концертіне де қатысқанын айтты. Оның айтуынша, елордада осындай ауқымды мәдени шаралардың жиі өтуі қуантарлық жағдай. «Мүмкіндік болса, мұндай концерттерге әрдайым баруға тырысамын», – дейді ол.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button