Главные новости

Астанада «Антивандал» акциясы аясында заңсыз граффити өшірілді

Астанада қоғамдық орындар мен ғимараттардың қасбетіндегі заңсыз жазулар мен граффитиді өшіруге арналған «Антивандал» акциясы ұйымдастырылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Акция «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мен Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратының бастамасымен өтті. Іс-шараға қазақстандық спортшы, бұрынғы балуан және ММА жауынгері, Astana MMA Top Team спорт клубының негізін қалаушы әрі бас жаттықтырушысы Нұрлан Қарабалин арнайы шақырылды. Акцияға қатысушылар ғимараттардың қасбетіндегі рұқсатсыз салынған жазулар мен суреттерді жойды.

Іс-шараның мақсаты – қала келбетін сақтау, тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету және тұрғындардың қоғамдық орындарға ұқыпты қарауын қалыптастыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қала тазалығы мен тәртіпті сақтау әр азаматтың міндеті. Мұндай акциялар тұрғындардың жауапкершілігін арттырып, вандализмнің алдын алуға және қаланы көркейтуге үлес қосады.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button