Экономика

Алматыда 2-ЖЭО-да алғашқы газ турбинасы іске қосылды

25 қарашада Алматыдағы 2-ЖЭО-да алғашқы газ турбинасы іске қосылды. Бұл турбинаны Siemens Energy компаниясы шығарған. Электр энергиясын желіге беру 30 қарашаға жоспарланған.

Желтоқсан айында қосымша екі газ турбинасы іске қосылады деп күтілуде. Жаңғырту аяқталған соң, станция электр желісіне 557 МВт қуат және 957 Гкал жылу береді.

Жобаның басты мақсаты – Алматы қаласының экологиялық ахуалын жақсарту. 2-ЖЭО газға толық көшкенде, зиянды заттар шығарындылары жылына 37,1 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін азаяды. Бұл көрсеткіш 90 пайыздан аса төмендеуді білдіреді. Сонымен қатар күкірт диоксиді мен көмір күлі шығарындылары толығымен жойылады.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button