Общество

Түркістан облысында қоқысты рұқсатсыз жерге тастаған 80 адамға әкімшілік шара қолданылды

Түркістан облысында өткен аптада жүргізілген рейдтер нәтижесінде қоқысты арнайы бөлінбеген жерге тастаған 80 адам анықталды. Олардың барлығына қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шара қолданылды.

Мысалы, Кентау қаласында бір тұрғын тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген аумаққа тастағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Мұндай заң бұзушылықтарға жол берген басқа азаматтарға да тиісті шаралар қабылданды.

Полиция қызметкерлері өңірде тазалық талаптарының сақталуын жіті бақылауда ұстап отыр. Олар қоршаған ортаны ластау деректерінің алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Тәртіп сақшылары аймақтағы тұрғындарға қоқысты тек арнайы белгіленген орындарға тастауға және қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button