Общество

Қазақстан авиациялық әкімшілігі мен Air Astana ұшу қауіпсіздігін талқылады

Қазақстан авиациялық әкімшілігі (ҚАӘ) мен Air Astana компаниясының өкілдері арнайы жиын өткізіп, еліміздегі әуежайларда әуе кемелерінің құстармен қақтығысу қаупіне қатысты ұшу қауіпсіздігі мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Air Astana мамандары құстармен қақтығыстарға байланысты статистикалық деректерді ұсынып, компанияның күнделікті қызметінде кездесетін негізгі қиындықтарға тоқталды. Сонымен қатар, тәуекелдерді бағалау тәсілдерін жаңарту, мәліметтерді жинау және оқиғалар жөнінде ақпарат берудің бірыңғай форматын әзірлеу қажеттілігі айтылды.

Тараптар құстар тудыратын қауіптерді басқару жөніндегі Ұлттық комитеттің алдағы отырысына дайындық барысын және сол шара аясында қаралатын басты мәселелерді да назарға алды. Жиын қорытындысында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым, әуе компаниялары мен әуежайлардың өзара тиімді әрекеттестігі арқылы тәуекелді азайтып, елімізде ұшу қауіпсіздігін көтеру үшін бірлескен шаралар қабылдау маңызды екені атап өтілді.

Другие новости

Back to top button